«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ»
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педегогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» орталығының ұйымдастыруымен өтетін «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Республикалық байқауына қатысушылар:
🔹ЖОО-ның оқытушылары;
🔹Колледж оқытушылары;
🔹Мектеп мұғалімдері;
🔹Қосымша білім беру педагогтері;
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы «Педагог мəртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мəселелері…» атты 1,5 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт) эсседе «қазіргі білім берудің өзекті мəселелері, оны шешу жолдары, педагог мəртебесін көтерудің өзектілігі» идеялары көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар білім беру саласындағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б. 3-4 данасын) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2025 жылдың наурыз айының 16-на дейін қабылданады.
Байқау қатысушыларына:
- Арнайы тағайындалған «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атты төсбелгісі;
- Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
- І, ІІ, ІІІ дəрежелі республикалық дипломмен марапатталады;
- Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenietі_
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
Қатысушының тегі, аты-жөңі | |
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
Білім беру мекеменің атауы | |
Еңбек өтілі, лауазымы | |
Байқау атауы | «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» |
Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотосы |