«BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ-2023» атты республикалық конференциясының ақпараттық хаты!

0
6728

Байқаудың мақсаттары: Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары мен ғылыми орталықтардың мамандары, жас ғалымдары арасында байланысты орнату, тəжірибе алмасу. Жас ғалымдардың ғылыми əлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын кеңейту! Еліміздегі білім мен ғылым саласының дамуына үлес қосу.

КƏСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Конференцияға қатысушылар: ЖОО-ның педагогтары, колледж оқытушылары және мектеп ұстаздары, ғылыми орталықтардың мамандары, докторантар, магистранттар, студенттер.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ:

1.ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР            10.ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ

2.ХИМИЯ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ              11.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

3.ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ                                 12.МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫ

4.ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                 13.ӨНЕРТАНУ

5.АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ                    14.ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ

6.ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ           15.ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР

7.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                            16.САЯСАТТАНУ

8.ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ                                17.МӘДЕНИЕТТАНУ

9.ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                             18.ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Конференцияның шарттары: Конференцияға қатысушы жоғарыда көрсетілген бағыттардың бірін таңдап мақала жазуы қажет, мәтін MS Word форматында, 5 беттен артық емес, кегл өлшемі 14 (әдебиеттер тізімі үшін 12 кегл), аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм. Мақалалар 2023 жылдың қазан айының 15-не дейін zhas_galym2021@mail.ru электронды почтасы бойынша өтініш кестесімен бірге қабылданады. Мектеп мұғалімдері және колледж оқытушыларына көрсетілген бағыттардың бірін таңдап өткізген ашық сабақтарын (фото — суреттерімен бірге) және мұғалім өзінің еңбек жолы жайында жазылған үшінші жақтағы эссе жолдауы қажет (Менің еңбек жолым және жеткен жетістіктерім) тақырыбы бойынша! Эссе көлемі 2-беттен артық болмауы қажет! Эсседе ұстаздың еңбек жолында жеткен жетістіктері, шәкірттерінің жетістіктері және методикалық шеберлігі қамтылу қажет! Ұстаздың және шәкірттің жетістіктерін куәландыратын соңғы үш жылдағы (Алғыс хат, диплом, сертификат) көшірмелері жұмыспен бірге жіберілуі қажет!

Конференцияға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

    Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталады:

  • Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» атты төсбелгісі;
  • Куәлік;
  • І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
  • ҚР Тұңғыш Президент орталығынан Сыйлық-кітап;
  • Қолдау көрсеткен мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.
  • Сонымен-қатар Астана қаласының мәдени орталықтарына конференция қатысушылары экскурсия жасайды.

          Қорытынды конференция 2023 жылы, Астана қаласында өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады!

Байланыс телефоны: +7 778 629 80 35, +7 747 702 52 62

эл.почта: zhas_galym2021@mail.ru

сайт: http://bilim-ork.kz

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety

Өтініш кестесі

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Ғылыми дәрежесі
Байқау атауы «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ-2023»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Жергілікті казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз