Байқаудың мақсаты: Республикамыздың педагогтерінің арасында байланыс орнату, тәжірибе алмастыру және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып, үздіктерін анықтау! Байқауға қатысушылар: Тарих, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, құқық пәнідері бойынша мектеп мұғалімдері және ЖОО мен колледж оқытушылары, аға оқытушылары, гуманитарлық ғылымдарының магистрлары, кандидаттары, докторлар қатыса алады.
КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛІНЕДІ.
Байқаудың шарттары:
Бірінші шарт бойынша: педагог өзі жайында және педагогика саласында жеткен жетістіктерін электронды папкаға салып жіберуі қажет. Электронды папкада оқушыларымен (студенттерімен) және ұжыммен түскен 4, 5 сапалы фото-сурет және соңғы үш жылда жеткен жетістіктері, яғни Білім және ғылым министрліктеріне қарасты орталықтардың дипломдары, алғыс хаттары, сертификаттары (облыстық, қалалық, аудандық білім басқармасынан), «Bilim-orkenieti» ҰИҒЗО, «Дарын» РҒПО, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА, Оқулық РҒПО, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы т.б) қоса салынуы қажет.
Екінші шарт бойынша: Педагог өткізген ашық сабаағының жоспарын фотосуреттермен бірге жіберу қажет.
Үшінші шарт бойынша:
«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» атты тақырып бойынша педагог эссе жазып жіберу қажет. Эссе көлемі 2 беттен кем болмауы қажет.
Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Эссе жазу көлемі 400-450 сөзден аспауы қажет.
2. Эссе А4 пішінді MS Word, Times New Roman форматында жазылады, қарпі кегль -14.
3. Әр жұмыс жеке файлда болуы қажет. Байқауға қатысушылар иеленеді:
Байқауға қатысушылар иеленеді: (Гран-при иегеріне – АҚШАЛАЙ ПРЕМИЯ)
«ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҮЗДІГІ-2021» атты республикалық педагогтардың еңбектері енгізілген түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҮЗДІГІ-2021» атты төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі және педагогқа қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.
Байқау қатысушылары төмендегі өтініш кестесін толтырып, құжаттармен бірге 2021 жылдың мамыр айының 10-на дейін Bilim_astana_2019@mail.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.
Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2021 мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтер» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 20-шы мамырға дейін іріктеліп алынған педагогтарға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/ Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety Ұйымдастырушылар алқасы: 8 747-702-52-62; 8 778 742 74 40
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
Қатысушының аты-жөні: | |
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы | |
Білім беру мекеменің атауы | |
Тұрғылықты мекен- жайы | |
Байқау атауы | «ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҮЗДІГІ-2021» |
Телефон, ұялы, е-mail.ru |
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото | |
Жергілікті казпочтаның индекс номері |