U-STUDY компьютерлік тест орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы І халықаралық пәндік олимпиадасы өтетіндігін хабарлаймыз!
Пәндік олимпиаданың мақсаты мен міндеті:
— Энциклопедист ғалым Әл-Фараби шығармашылығын кеңінен насихаттау;
— Оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
— Педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
Олимпиадаға ЖОО-ның, колледждің оқытушылары мен мектеп
мұғалімдері, оқушылар мен студенттер қатысу мүмкіндігіне ие! Олимпиадаға қатысушы педагогтер, оқытушылар «Әл-Фараби төсбелгісімен», студент, оқушылар «Әл-Фараби атындағы І халықаралық пәндік олимпиадасы» төсбелгішесімен, «Әл-Фараби атындағы І халықаралық пәндік олимпиадасы» атты халықаралық түрлі-түсті кітап жинағымен, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі халықаралық дипломмен және U-STUDY КТО-ның сертификаттарымен марапатталады.
Пәндік олимпиадаға қатысу шарттары:
Олимпиадаға мектеп мұғалімдері, 4-11 сынып оқушылары, ЖОО және колледж оқытушылары және студенттері қатыса алады. Олимпиада екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде Әл-Фарабидің шығармашылығы жайында 2 беттен кем емес жұмыстар (эссе, ашық сабақ, сценарий, мақала, өлең), немесе 10 беттен кем емес ( ғылыми зерттеу жоба, ғылыми мақала) қабылданады. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтеді. Бірінші кезең бойынша байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол. Екінші кезеңде олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, тарих, құқық, математика, физика, химия, биология, география, информатика. Екінші кезеңге өтіп, бірақ Нұр-Сұлтан қаласына келе алмаған қатысушылар әр облыста UStudy аймақтық тестілеу орталықтарында офлайн тест тапсыра алады. Аймақтық тестілеу орталықтарына келуге мүмкіндігі жоқ қатысушылар өз мектептерінде онлайн арқылы тесттен өте алады.
Пәндік олимпиада қатысушылары өзі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, байқау материалдарымен бірге 2020 жылдың сәуір айының 27-не дейін altynsarin.2019@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Олимпиадаға қатысуға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.
Олимпиаданың марапаттау рәсімі 2020 жылдың мамыр айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференцияның марапаттау рәсімінде елімізге белгілі тұлғалардың қолынан жеңімпаз атанған педагог, оқытушылар «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ» төсбелгісімен, студент, оқушылар «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ» атты төсбелгішемен, «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ» атты кітап және І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады, сондай-ақ U-STUDY компьютерлік тест орталығының сертификаттары беріледі. Кітапқа екінші кезеңге өткен барлық олимиада материалдары енгізіледі. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Facebook: Білім өркениеті, Инстаграм парақшасы: bilim_orkenietі. Анықтама тел.: 8747-628-80-54, 8702-986-64-05
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні, жетекшісінің аты жөні, лауазымы
Мемлекеті, облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы/ пәні
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

2 ПІКІРЛЕР

  1. саламатсыздар ма, Әл- фараби сайысы аяқталды ма, Енді жіберсек кеш пе?

    • Саламатсыз ба Bilim-ork.kz сайтында басқа да байқаулар бар қатысуға болады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз