Қазақтың бас ақыны абай құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты республикалық Абай оқулары байқауының ережесі
Құрметті педагогтар және жас дарындар!
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ…» атты республикалық Абай оқулары байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
-Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау. Ұлы Абайдың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау.
Байқауға республика көлеміндегі колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!
Абай оқулары байқауы екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең сырттай өтеді. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармашылығы жайында (шығарма, мақала, ғылыми жоба, өлең немесе эссе) жазып, ережеде көрсетілген эл.поштаға жолдауы тиіс. Екінші кезең NUR-SULTAN қаласында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орнын, уақытын бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезеңге өткен қатысушылар Абай шығармаларын (білім, ғылым тақырыптарында жазылған қара сөздерін не поэзиялық шығармасын) мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Әр оқушыға орындауға 3-4 минут уақыт беріледі.
Байқау жеңімпаздарын анықтаудың критерийлері
Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Байқаудың қазылар алқасын байқауды ұйымдастырушылар реттейді. Қазылар алқасының құрамы педагогика саласының ғалымдарынан, педагог ұстаздардан құралады.
Қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- Көркем мәтінде оқу шеберлігі, сахнада өнер көсету мәдениеті
Абай оқулары байқауына қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, шығармамен бірге 2020 жылдың маусым айының 27-не дейін elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 2 (қазақ, орыс) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.
Жеңімпаздарды марапаттау: Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға дипломдар беріледі сонымен қатар үздік туындылар кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хат беріледі. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылдың шілде-тамыз айында NUR-SULTAN қаласында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсімінде барлық қатысушылар республикалық дипломдармен марапатталады. Кітапқа Абай оқулары байқауының үздік туындылары енгізіледі. Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8775 450 73 15, 8705 295 03 98
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының аты-жөні, жетекшісі аты-жөні, лауазымы, | |
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы | |
Білім беру мекеменің атауы | |
Байқау атауы, секциясы | |
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы |