ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 555 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «Ұлы дала өркениеті: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тарих» факультеті мен «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 555 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «Ұлы дала өркениеті: тарихы мен тағылымы» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтеді. Байқауға қатысуға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары, ЖОО оқытушылары мен студенттері шақырылады.
Мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған білім саласындағы қазіргі уақытта атқарылуға тиісті басым бағыттарды білім беру ұйымдары арасында жүзеге асуын қамтамасыз ету, Мемлекет басшысы жолдауын кеңінен насихаттау. Әсіресе Президент жолдауында айтылған: «Дарынды балалардың қабілетін айқындау, дамыту» болып табылады.
Міндеттері:
— Оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
— Педагогтардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
— Оқытушылар мен мұғалімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.
2.ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Байқауға қатысу үшін өтініштер (тіркелген үлгі бойынша) электрондық поштамен төмендегі мекенжайда 2020 жылдың тамыз айының 27-не дейін қабылданады. Байқау материалдары elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.
Өтініштер қазақ, орыс тілінде қабылданады.
Әділқазылар алқасының құрамы мен өткізілу тәртібін байқауды ұйымдастырушылар реттейді.
- ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕСІ
Байқауға:
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары қатыса алады;
ЖОО оқытушылары мен студенттер қатыса алады.
4.ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен студенттері үшін:
«Ұлы дала өркениеті: тарихы мен тағылымы» атты ғылыми зерттеу жобалары. Ғылыми жоба, немесе ғылыми мақала 5 беттен кем болмауы керек 10 беттен аспауы тиіс және бөгде адамның жұмысын көшіріп алмауы керек немесе ғаламтордан көшірілмеген болуы тиіс. Егер де пайдаланған әдебиет ретінде өзге адамның жұмысын пайдаланса онда сілтеме жасауы керек. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм. Жұмыс жазылған файлдың атауы автордың тегімен жазылуы тиіс, мысалға: Ахметов Саян.doc
Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілетін байқауда
төмендегі номинациялар қамтылуы тиіс:
- «ӨРКЕНИЕТ БИІГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» атты ғылыми зерттеу жобалары. Ғылыми жоба немесе ғылыми мақала 5 беттен кем болмауы керек, 10 беттен аспауы тиіс және бөгде адамның жұмысын көшіріп алмауы керек немесе ғаламтордан көшірілмеген болуы тиіс. Егер де пайдаланған әдебиет ретінде өзге адамның жұмысын пайдаланса онда сілтеме жасауы керек. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм. Жұмыс жазылған файлдың атауы автордың тегімен жазылуы тиіс, мысалға: Ахметов Саян
- «ТАЛАПТАН ДА ӨНЕР МЕН БІЛІМ ҮЙРЕН…». Бұл номинация бойынша педагогтардың сабақ жоспарлары, сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар мен сценарийлер қабылданады. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм. Жұмыс жазылған файлдың атауы автордың тегімен жазылуы тиіс, мысалға: Ахметов Саян.doc
Байқауға жұмыстар: ғылыми жобалар, сабақ жоспарлары, сценарийлер, т.б сұраныспен бірге жіберілуі тиіс және бір файлда болуы қажет.
5.ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша анықталады. Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ ші орынмен марапатталады. Ең үздік ғылыми жобалар жинақ кітапшаға басылады. Жинақ кітапқа енген үздік ғылыми жобаларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі. Байқау қорытындысы bilim-ork.kz сайтында жарияланады.
Анықтама үшін: WhatsApp: 87754507315, 87052950398 е-mail: elorda.jobalary2020@bk.ru
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы | |
Білім беру мекеменің атауы | |
Байқау мен номинацияның атауы | |
Педагогтер үшін: қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы;
Білім алушылар үшін: қатысушының тегі, аты-жөні, Жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы |
|
Телефоны, ұялы, е-mail | |
Сапалы 3х4 фотосы |