Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері оқушылары арасында
І қалалық Шоқан оқуларын өткізу
ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже
Халқымыздың біртуар перзенті Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – қазақтың өмір салты, әдет-ғұрпы, тарихы мен мәдениеті туралы іргелі зерттеулер жазған ағартушы, ғалым, ұлы талант иесі, тарихшы, фольклоршы, этнограф, суретші, шығыстанушы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі.
Осы ереже қалалық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілетін Шоқан Уалиханов оқуларының (бұдан әрі – Шоқан оқулары) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.
1. Шоқан оқуларын «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы (бұдан әрі – «Астана дарыны» орталығы) мен «Bilim-orkenietі» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «Bilim-orkenietі») өткізеді.
2. Шоқан оқуларының мақсаты мектеп оқушыларының арасында ғалым Ш.Уәлиханұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығы, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ғалымның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту.

ІІ. Шоқан оқуларына қатысушылар
1. І қалалық Шоқан оқуларына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа да орта білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары қатыса алады.
2. Әр білім беру мекемесінен 5 қатысушы: 1 (бір) оқушы (арнау жазатын), 1 (бір) оқушы және зерттеу жұмысын орындаған, 1 (бір) сурет салатын, 1 (бір) оқушы мақала жазатын, 1 (бір) эссе жазатын оқушыны ұсынады.
3. Білім ұйымдары тағайындаған жетекші топ құрамындағы оқушылардың эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлай режимінде өтеді. Топ жетекшісі оқушылардың онлайн режимге уақытында шығуына жауапты

ІІІ. Шоқан оқуларын өткізу тәртібі
1.Шоқан оқулары ІІ кезеңде өткізіледі:
І кезең- білім беру мекемелерінде: қазан айының ортасында
ІІ кезең- қалалық: қазан айының аяғында
2. Шоқан оқулары 5 бағыт бойынша өтеді:
2.1. «Жас дарын…» — ақындар номинациясы. Оқушы ғалымға арнау оқып, қазылар алқасы берген қосымша тапсырманы орындайды және өз шығармаларын оқиды. Қатысушы өз шығармалар (жатқа білуі тиіс) жинағын (папкаға жинақталған) алып келу керек. Zoom платформасында өтеді. Уақыты: 30 қазан, сағат: 09.00-де. Сілтемесі электронды пошталарыңызға алдын ала жіберіледі.
2.2. «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп…» — ғалымның еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы номинациясы.
Қойылатын талаптар:
— жұмыс көлемі 10 беттен астауы керек;
— мәтіні WORD;
— шрифт Times New Roman 14;
— аралық интервал 1,5 мм.
— сол жақ параметрі 3 см.
— оң жақ параметрі 1,5 см.
— жоғары, төмен жағы 2 см.
— беттер нөмірленуі тиіс.
Титул парағы:
— жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
— жұмыстың тақырыбы;
— бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
— орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, қаласы);
— жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);
— жұмыстың орындалған уақыты.
Мазмұны:
— абстракт (аннотация), жұмыстың қысқаша мазмұны (200 сөзден артық емес);
— кіріспе, жұмыстың тиянақты сипаттамасы (2 беттен артық емес);
— негізгі бөлім, жеке тараулардан тұрады (15 беттен артық емес);
— қорытынды, жұмыстың негізінде жасалған нәтиже, ұсыныстар
(1 беттен артық емес);
— пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі;
— жұмыс арнайы дайындалған слдайд арқылы қорғалады (берілетін уақыт 5-7 минут).
2.3. «Шоқан суреткер де еді…» — ғалымның салған суреттері жайында шығармашылық суретшілер номинациясы.
Қойылатын талаптар:
әр қатысушыдан 2 (екі) жұмыс қабылданады.
Суреттің төменгі оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты- жөні, мектебі мен сыныбы, жетекшісінің аты- жөні толық құжат бойынша жазылу қажет.
Орындау техникасы: жұмыс форматы – А3 қағазында. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі- түсті қарындаштар және т.б.). Рамаға салу міндетті емес. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың жұмыстары қайтарылмайды, орталықтың мұрағатында сақталады.
Бұл номинация бойынша жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы № 59 мектеп- гимназиясында 23 қазан күні сағат 09:00 ден 11:00 ге дейін қабылданады.
Жұмыстарды ұйымдастыру комитетінің арнайы өкілі қабылдап алады. Төмендегі тақырыптар бойынша сурет салынады.
1. Шоқан салған пейжаз;
2. Шоқан суреттеріндегі – ұлттық, мәдени мұралар
2.4. «Достықты ту еткен…» — Шоқанның ағартушы, замандас достары жайлы мақала жазу номинациясы.
Қойылатын талаптар:
— жұмыс көлемі 5 беттен астауы керек;
— мәтіні WORD;
— шрифт Times New Roman 14;
— аралық интервал 1,5 мм.
— сол жақ параметрі 3 см.
— оң жақ параметрі 1,5 см.
— жоғары, төмен жағы 2 см.
— беттер нөмірленуі тиіс.
Титул парағы:
— жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
— жұмыстың тақырыбы;
— бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
— орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, қаласы);
— жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);
— жұмыстың орындалған уақыты.
2.5. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — Айғаным әжесінің бала Шоқанды тәрбиелеудегі аңыз-әпсаналар мен халық ертегілерінің маңыздылығы жайлы эссе номинациясы.
Қойлатын талаптар:
— Эссе тақырыптары 7- 11 сынып қатысушыларына ортақ.
— Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
— Жұмыс көлемі 1 бет. Жұмыс WORD форматында қабылданады.
— Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см. қалдыру керек.
— Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен
— немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар
— қабылданбайды.
— Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
— 1. Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
— 2. Оқушының әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
— 3. Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай
— 4. Емле – 10 ұпай
— 5. Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай
— Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:
— Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.
— Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.
— Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.
— Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.
— Эсседен оқушы 50 ұпайға дейін жинай алады.

ІV.Ұйымдастырушылар
1. Шоқан оқуларының өткізілу орнын белгілейді;
2. Қазылар алқасының құрамы мен қатысушылардың тізімін бекітеді;
3. Іс-шараның өткізу бағдарламасын дайындайды;
4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Астана дарыны» орталығы мен
«Bilim-orkenietі» орталығы дипломдары және грамоталарымен
марапаттайды.
5. Байқауға тіркелу және қатысу жөніндегі сұранысты қабылдайды.

V. Қазылар алқасы
1.Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының оқытушылары мен педагог-ұстаздардан тұрады.
2.Қатысушылар өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
3.Қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және балдық жүйемен бағалайды;
4.Қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиіс түзетулерді енгізеді;
5.Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. Конкурстың әр бағыты бойынша жүлделі орындар: Бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар, мақтау мағаз иегерлерін анықтайды.
Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2020 жылдың 23 қазанына дейін «Bilim-orkenietі» орталығының электронды поштасына ruhany.jangiru.17@bk.ru жолдану қажет.
І қалалық Шоқан оқулары жоғарыда көрсетілген бес бағыт бойынша 2020 жылғы 30 қазан күні өткізіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 55/13, «Астана дарыны». ДДжПСО.
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы Қорғалжын 19 «Bilim-orkenietі» ҰИҒЗО.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8701-252-45-95, 8747-628-80-54, WhatsApp: 8775-452-03-98
І қалалық «Шоқан оқуларының» бес номинация бойынша оқушылардың үздік шығармалары жинақ кітапқа енеді.

Сұраныс кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!
«ШОҚАН ОҚУЛАРЫНА» ҚАТЫСУШЫНЫҢ СҰРАНЫСЫ
Оқушының аты-жөні (құжат бойынша)
Мектебі, сынып
Бағыты (ақындар, сурет салу, эссе жазу, мақала жазу, ғылыми жоба)
Қатысушының электронды поштасы/ жеке телефоны
Мұғалімі (құжат бойынша аты-жөні мен байланыс телефоны толық жазылады)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз