«ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқауға қатысушылар:
Білім және ғылым саласының мамандары;
Медицина саласының мамандары;
Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
Кәсіпкерлер;
Қоғам қайраткерлері;
Дарынды жастар;
Ауыл-шаруашылық мамандары;
Ақпарат саласының мамандары;
Заң саласының қызметкерлері;
Есепшілер;
Әлеуметтік сала мамандары;
Мемлекеттік қызметкерлер;
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2022 жылдың наурыз айының 22-не дейін қабылданады.
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы | |
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы | |
Қызмет орны | |
Байқау атауы | «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» |
Телефоны, ұялы, е-mail,
Сапалы 3х4 фотосы |