BILIM-ÒRKENIETI ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ мемлекетіміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларының инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтердің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына ықпал етуге мамандандырылған орталық. Мұнда кәсіби жетік, креативті өз ісінің нағыз мамандары, жоғары квалификациялы, білікті мамандардан құралған команда қызмет атқарады.
Мақсаты:
Мемлекеттің білімі мен ғылымын, ұстаздардың инновациялық әдістері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау, педагогтердің біліктілігін арттыру және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясында алға қойылған мақсаттарға жету үшін, еліміздің білімі мен ғылымын, білім беру, тәрбие жобаларын қаржыландыру, жастар саясатын іске асыру, әсіресе дарынды, өнерлі, білімді жастардың үздік жобаларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосу.
Міндеттері:
- Халықаралық, республикалық мәндегі қоғамдық іс-шараларды, соның ішінде ғылыми жобалар, олимпиадалар, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу, конкурстар, байқаулар, дөңгелек столдар, кездесулер, фестивальдар, жәрмеңкелер және т.б. еліміздің білімі мен ғылымын жаңғырту бағытындағы маңызды іс-шараларды ұйымдастыру;
- Педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
- Өскелең ұрпақтың, жастарымыздың бойында тәуелсіз Қазақ еліне деген құрметті күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;
- Оқушылардың, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.