«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
«ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ»
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН
ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқауына қатысушылар:
🔹Білім және ғылым саласының мамандары;
🔹Медицина саласының мамандары;
🔹Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
🔹Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
🔹Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
🔹Қоғам қайраткерлері;
🔹Мемлекеттік қызметкерлер;
🔹Құрылыс саласының мамандары;
🔹️Зейнеткерлер
🔹Кәсіпкерлер;
🔹Есепшілер;
🔹Экономистер;
🔹Ауыл-шаруашылық мамандары; 🔹Энергетика саласының мамандары;
🔹Ақпарат саласының мамандары; 🔹Заң саласының қызметкерлері;
🔹Әскери қызметкерлер; 🔹Әлеуметтік қызметкерлер;
🔹Ел Егемендігінің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз!
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2025 жылдың наурыз айының 16-на дейін қабылданады.
Байқау қатысушыларына:
- Арнайы тағайындалған «ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты төсбелгісі;
- Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
- «ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» статуэткасы;
- ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ беріледі;
- Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenietі_
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
Қатысушының тегі, аты-жөңі | |
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
Қызмет орны, лауазымы | |
Байқау атауы | «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» |
Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотосы |