«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
3119

ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ, МАГИСТРАНТТАР!!!

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен №5-18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Құжаттар:

  • Ғылым саласында
  • Өнер саласында
  • Спорт саласында
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  енгізіледі.

Жинаққа еңгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Жоба қатысушыларына ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы атынан ақшалай сыйлык (премия) беріледі және «Жылдың үздік студенті» атты халықаралық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Жылдың үздік студенті» төсбелгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі. Студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат беріледі. БАС ЖҮЛДЕ- НОУТБУК.

Жобаға қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы, автобиографияны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 3\4 форматтағы сапалы суреті және студенттік өмірде түскен 6-7 шт фото сурет қоса 2021 жылдың 15-ші қазанға дейін lider.student@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс.(1 курс студенттеріне мектеп кезіндегі фотоларды жіберу сұралады).

Қатысушыларға автобиографиясына 9-11 сынып кезіндегі мектеп қабырғасында жеткен жетістіктерді енгізсе болады. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төсбелгі, грамота жіберілетін болады).

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://biork.kz/

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz       

Ескерту!!!

Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып, жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

8 747 343 68 01 Білім өркениеті

8 707 142 74 40 Білім өркениеті

Өтініш кестесі эссемен бірге жіберілуі қажет!

Қатысушының аты -жөні
Оқу орнының атауы:
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы:
3*4 фото суреті.
Телефон номері, жəне эл.почтасы:
Жетекшісінің аты -жөні

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз