Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың дарынды жастарының арасында байланыс орнату және ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ, ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау қатысушылары: Білім беру ұйымдарының педагогтері дарынды шәкіртімен қатыса алады.

Республикалық байқаудың шарттары: Білім алушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, 2 беттен аспайтын эссе жазып bilim_2021kz@mail.ru почтасына жіберуі қажет. Сондай-ақ қатысушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және білім алу барысында түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5,6 шт). Жұмыстар мамыр айының 10 күніне дейін қабылданады.

Эссе тақырыбын төменде көрсетілген бағыттар аясында таңдалады:

1-5 сынып оқушылары (төмеңгі буын) 6-11 жас аралығы.

 «Ізгілік педагогикасының классигі Ы.Алтынсарин»

 «Ахмет Байтұрсынұлы және әліппе»

 «Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі оқу-білім мәселелері»

 «Менің туған өлкемнің тарихы»

 «Нұрсұлтан Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстан»

 «Ұлы жеңіс»-ата-баба ерлігінің жемісі

6-11 сынып оқушылары, студенттер (Жоғары буын) 12-20 жас аралығы.

 «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте»

 «Қазақ отбасы институты»

 «Дінмұхамед Қонев-ғасырдың дара тұлғасы»

 «Елордасы Нұр-Сұлтан қаласы-Қазақстанның жүрегі»

 «Ел Тәуелсіздігіне үлес қосқан-тарихи тұлғалар»

 «Заманауи экономикадағы іргелі математика және математималық әдістер»

 «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы»

 «Жаңғырмалы энергетика – болашақ энернгиясы»

 «Компютерлік ғылым және IT» ( работотехника, информатика, бағдарламалау, Flash –анимация)

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқауға қатысушылар иеленеді:

(БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІБілім және ғылым министрлігі «Балдәурен» Республикалық оқусауықтыру орталығына жазғы демалысқа жолдама)

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — БІЛІМДІ ЖАСТАР» атты кітап жинаққа білім алушының жұмысы енгізіледі. Жұмысының сапасына байланысты І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом иеленеді. ЖОО және колледж студеттері «Тәуелсіз елдің көшбасшысы», мектеп оқушылары «ҚР оқу озаты-Жас Дарын» төсбелгішемен марапатталады, төсбелгішені куәландыратын куәлік беріледі. Білім алушының жетекші-ұстазына, ата-анасына Алғыс хат беріледі.

Марапаттау рәсімі өтетін орыны, уақыты:

ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы 010000, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында өтеді.

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

Барлық сұрақтарды анықтама телефондары арқылы қоя аласыздар:

8 747 702 52 62, 8 778 742 74 40 bilim_2021kz@mail.ru

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Қатысушының аты-жөні:  
Ата-анасының аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Жетекшісінің аты-жөні  
Білім беру мекеменің атауы
Сыныбы
Байқау атауы  «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — БІЛІМДІ ЖАСТАР»
Телефон, ұялы, е-mail.ru (мұғалім және оқушы)  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз