Байқаудың мақсаты: Республикамыздың педагогтерінің арасында байланыс орнату, тәжірибе алмастыру және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!

Байқауға қатысушылар: Математика, химия, биология, география, информатика, физика пәні бойынша мектеп мұғалімдері және ЖОО мен колледж оқытушылары, аға оқытушылары, жаратылыстану ғылымдарының магистрлары, кандидаттары, докторлары, қатыса алады.

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Байқаудың шарттары:

Бірінші шарт бойынша: педагог соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерін, яғни Білім және Ғылым министрліктеріне қарасты орталықтардың дипломдары, алғыс хаттары, сертификаттары (облыстық, қалалық, аудандық білім басқармасынан, «Bilim-orkenieti» ҰИҒЗО, «Дарын» РҒПО, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА, Оқулық РҒПО, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы т.б) электронды папкаға салып жіберуі қажет. Сонымен қатар, оқушыларымен (студенттерімен) және ұжыммен түскен 4, 5 сапалы фото-суретін (JPG форматта) қоса жіберуі тиіс.

Екінші шарт бойынша: Педагог өткізген ашық сабағының жоспарын фотосуреттерімен бірге жіберу қажет.

Үшінші шарт бойынша:

«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» атты тақырып бойынша педагог эссе ( 2 беттен кем болмауы қажет) жазып жіберу қажет.

Байқауға қатысушылар иеленеді: (Гран-при иегеріне – АҚШАЛАЙ ПРЕМИЯ)

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ-2021» атты республикалық педагогтардың еңбектері енгізілген түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ-2021» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі және педагогқа қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Байқау қатысушылары төмендегі өтініш кестесін толтырып, сұратылға жұмыспен бірге 2021 жылдың мамыр айының 10-на дейін astana-20n@mail.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2021 мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтер» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 20-шы мамырға дейін іріктеліп алынған педагогтарға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety

Ұйымдастырушылар алқасы: 8702-542-33-05; 8778 742 74 40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ СҰРАТЫЛҒАН ҚҰЖАТТАРМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Қатысушының аты-жөні:  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы.  
Білім беру мекеменің атауы.  
Байқау атауы.  
Телефон, ұялы, е-mail.ru.  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото.  
Тұрғылықты мекен-жайы  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз