Байқаудың мақсаты мен міндеттері: ҚР Дарынды оқушыларының арасында байланыс орнату, білімді, өнерлі жастардың қабілеттерін шыңдау. Жастардың бойында патриоттық сезімді ұялату, отанға деген құрметтерін күшейту, Қазақ елінің болашақ бетке ұстар тұлғаларын тәрбиелеу.

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау қатысушылары: Республикалық Білім беру ұйымдарының дарынды оқушылары, ұлағатты ұстаздарымен қатысу мүмкіндігіне ие.

Байқаудың шарттары: Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап 2 беттен аспайтын эссе жазып жіберуі қажет. Сондай-ақ оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және білім алу барысында ұстаздарымен, сыныптастарымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5,6 шт).

1-5 сынып оқушылары (төмеңгі буын) 6-11 жас аралығы.

«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері жайында жазуы қажет.

«Тәуелсіздік жолында күрескен тарихи тұлғалар» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен тәуелсіздік жолында күрескен бір тарихи тұлғаға тоқталуы қажет.

«ҚР Тұңғыш президенті-Нұрсұлтан Назарбаев» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен Елбасының ерен еңбектері жайында, қызметтері жайында жазуы қажет.

«Менің ардақты Ұстазым» — оқушы бұл тақырып бойынша өзінің ұстазына деген сүйіспеншілігін, құрметін білдіре отырып эссе жазуы қажет.

«Мен болашақта кім болам?» — бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен бірге, өзінің болашақтағы арманы, сүйікті мамандығы жайында жазуы қажет.

«Менің туған жерімнің тарихы» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен бірге, өзінің туған жерінің тарихы жайында немесе сол өңірден шыққан белгілі тұлға жайында жазуы қажет.

6-11 сынып оқушылары (Жоғары буын) 12-17 жас аралығы.

 «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» — атты тақырып.

 «Тәуелсіздік Алтын тұғырымыз» — атты тақырып.

 «Менің болашақ мамандығым» — атты тақырып.

 «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның заманы» — атты тақырып.

 «Менің туған өлкемнің тарихы» — атты тақырып.

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқауға қатысушылар иеленеді:

БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ – Білім және ғылым министрлігі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жазғы демалысқа жолдама иеленеді.

Байқау қатысушылары марапатталады: «Қазақстан дарыны-2021» атты кітап жинаққа оқушының жұмысы енгізіледі. Жұмысының сапасына байланысты І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом иеленеді. «Қазақстан дарыны-2021» атты төсбелгішемен марапатталады, төсбелгішені куәландыратын куәлік беріледі. Оқушының жетекші-ұстазына, Ата-анасына электронды Алғыс хат беріледі.

Байқау қатысушылары төмендегі өтініш кестесін толтырып, жұмыспен бірге 2021 жылдың мамыр айының 10-на дейін kz_daryn2021@mail.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Марапаттау рәсімі өтетін орыны, уақыты: ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы 010000, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында өтеді. 2021 жылдың мамыр айында!

Барлық сұрақтарды анықтама телефондары арқылы қоя аласыздар:

8747-343-68-01; 8778-742-74-40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

 

Оқушының тегі, аты-жөні  
Ата-анасының аты-жөні  
Жетекшісінің аты-жөні  
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Тұрғылықты мекен-жайы

 
Білім беру мекеменің атауы  
Телефоны, ұялы, е-mail  
3х4 фотосы  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз