Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауын өткізу ережесі

 І. Жалпы ереже

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Назарбаев университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамы  жолында» атты лекциясында: «Біз қаражатымызды  шығарып, батыстың озық технологияларын сатып алуымыз керек. Алайда олар бізге ең үздік үлгілерін қолымызға оңайлықпен бере салмайды. Өзіне бәсекелесті дамытуға кім мүдделі болсын? Сондықтан мұндай озық технологияны өзімізде шығарып, революцияға қажетті білім мен ғылымды да осы жерден өркендетуге тиіспіз» — деп атап өтті. Өзіне бәсекелес болуды қаламайтын өркениетті елдер біздің «Болашақ» жастарының қолына озық техникасының кілтін ұстата салмайды, әрине. Сондықтан да ол жақтан алып келген техникалық білімді осында «одан әрі дамыту керек» десек, ондай маңызды қоғамдық бастамаларды еліміздің патриот студент жастары ғана жасай алады. Ол үшін студент жастар: «Тәуелсіз елімнің болашағы үшін мен не істедім деп сұрауы керек» өзінен және сол қағидаға берік болуы керек.

Осы ереже республикалық ЖОО-ның және колледж студенттері және үздік студенттердің ұстаздары арасында өткізілетін «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауының (бұдан әрі – байқау)  мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

1.1. Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің №01-13-9/3742-И ОТ 11.10.2019 ж. хатының негізінде «Үздік студент» жобасы аясында «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы  (бұдан әрі — «Bilim-orkenietі») өткізеді.

1.2. Байқаудың мақсаты үздік студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, талантты студент жастардың бастамаларына қолдау көрсету, патриоттық сезімін ояту, Тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, студенттердің ғылыми, зерттеушілік әлеуетін дамыту.

ІІ. Байқауға қатысушылар

2.1. Байқауға ЖОО-ның және колледж студенттері және үздік студенттердің ұстаздары қатыса алады.

 

ІІІ. Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқау 2 бағыт бойынша өтеді:

3.2. «Білімді ұрпақ: білім-ғылым-инновацияның қайнар бұлағы». Бұл номинация бойынша байқауға қатысушы үздік студенттің ұстазының талапты шәкірті туралы эссе жазу номинациясы. Эсседе талантты ұстаздың үздік студент жастарды тәрбиелеудің озық үлгілері, студент жастарға білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдері қамтылуы тиіс.

3.3. «Тәуелсіз елімнің болашағы үшін мен не істедім». Бұл номинация бойынша үздік студенттер қасиетті де қастерлі Тәуелсіздіктің оңай келмегенін, сан ғасырлық күреске толы тарихын және егеменді елімізді әлемдегі ең дамыған өркениетті елге айналдырудың жаңашыл идеяларын ұсыну жайлы эссе жазу номинациясы.

Сонымен қатар студенттің дарындылық, ғылыми, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жеткен жетістіктерінің көшірмелерін JPG форматта жіберуі тиіс (диплом, алғыс хат, сертификат т.б.) студенттің ¾ фотосы,  ата-анасымен, ұстаздарымен, құрбы-достарымен бірге түскен, білім алу барысында жеткен жетістік фотоларын да қоса жіберуі қажет.

(Фото-суреттер «ҚР үздік студенттерінің ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқауының жинақ кітабына енгізілетін болғандықтан, жинақ кітабы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына қойылатын болғандықтан фотолар сапалы болуы тиіс.)

Екі номинация бойынша эссеге қойылатын талаптар:

  • Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
  • Жұмыс көлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін. Жұмыс WORD форматында қабылданады.
  • Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см. қалдыру керек.
  • Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен
  • немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар
  • қабылданбайды.
  • Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
  • Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
  • Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
  • Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай
  • Емле – 10 ұпай
  • Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай
  • Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:
  • Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.
  • Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.
  • Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.
  • Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.
  • Эсседен 50 ұпайға дейін жинай алады.

 

ІV.Ұйымдастырушылар

4.1. Байқаудың өткізілу орнын белгілейді;

4.2. Қазылар алқасының құрамы мен қатысушылардың тізімін бекітеді;

4.3. Іс-шараның өткізу бағдарламасын дайындайды;

4.4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

4.5. Байқауға тіркелу және қатысу жөніндегі сұранысты қабылдайды.

 

  1. Қазылар алқасы

5.1.Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының оқытушылары мен педагог-ұстаздардан тұрады.

5.2.Қатысушылардың жұмыстарына бағалаудың өлшемдерін бекітеді;

5.3.Қатысушылардың материалдарына талдау жасайды және балдық жүйемен бағалайды;

5.4.Қатысушылардың жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиіс түзетулерді енгізеді;

5.5.Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. Байқаудың әр бағыты бойынша жүлделі орындар: Бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар, мақтау қағаз иегерлерін анықтайды.

Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2021 жылдың 25 наурызына дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru  поштасына жолдану қажет.  

Байқау жоғарыда көрсетілген 3 бағыт бойынша өткізіледі.  

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8747-628-80-54, WhatsApp: 8775-452-03-98

VI.Марапаттау

«ҚР үздік студенттерінің ұлттық сыйлығы» байқауының екі номинация бойынша жазылған үздік эсселері енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді.

  • Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «ҚР үздік студенттерінің ұлттық сыйлығы» байқауының жеңімпаздары: еліміздің үздік студенттері ұстаздарымен бірге марапаттауға шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына жіберіледі.

Қорытынды марапаттау конференцияда елімізге белгілі тұлғалардың қолынан:

ҚР ҮЗДІК студенттері:

  • Бас жүлде және 1, 2, 3-орындар ақшалай сыйақымен;
  • «ҚР үздік студенттерінің ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқауының үздік эсселері енгізілген жинақ кітабымен;
  • Байқаудың І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломдарымен;
  • «ҚР үздік студенттерінің ұлттық сыйлығы» атты төсбелгімен марапатталады.

ҚР үздік студенттерінің ұстаздары:

  • Бас жүлде және 1, 2, 3-орындар ақшалай сыйақымен;
  • Байқаудың «Білімді ұрпақ: білім-ғылым-инновацияның қайнар бұлағы» номинациясының үздік эсселері енгізілген жинақ кітабымен;
  • Байқаудың І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломдарымен;
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы төсбелгісімен марапатталады.
  • ҚР үздік студент тәрбиелегені үшін студенттің ұстазы Құрмет грамотасымен марапатталады.
  • «ҚР үздік студенттерінің ұлттық сыйлығы» атты үздік студенттердің эсселері енгізілген кітап жинағы Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына қойылады.

          Сұраныс кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай

 «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ»

атты республикалық байқауы

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты
Студенттің жетекшісінің аты жөні, лауазымы
Байқаудың атауы
Білім беру мекемесінің атауы:
Байланыс телефоны
E-mail
Автордың сапалы 3*4 сапалы фотосы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз