«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
11182

Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.   Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.  Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру  жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

 Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Bilim-orkenieti» орталығының және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық патриоттық байқауына денсаулық сақтау саласының өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарды, өз ісінің мамандарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып және еңбек жолында жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса жіберуі қажет.

Құжаттар astana-20s@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың тамыз айының 28-не дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:

  • Арнайы тағайындалған «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» атты төсбелгісі
  • Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік
  • Құрмет грамотасы
  • Жаңа Қазақстан» қоғамдық қоры орталығынан Сыйлық-кітап
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені   үшін  мекеме басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.

 Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-20s@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8 778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Байқау атауы     «Денсаулық сақтау саласының үздігі»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз