Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы Білім басқармасы № 519 бұйрығы негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттықинновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы педагогтерінің «АЛТЫН КІТАБЫ-2023» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

0
3226

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ,
ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ- ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ
ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Білім беру саласындағы мұғалімдерді қолдау мақсатында қолға алынған Республикалық
«Үздік педагог» жобасы аясында өткізілетін Қазақстан Республикасы педагогтерінің «Алтын кітабы-2023» атты республикалық кітап жинағының төртінші шығарылымына құжаттар қабылданады!
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың педагогтері арасында
байланыс орнату және педагогтердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!
Байқауға қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері және ЖОО
мен колледж оқытушылары байқауға қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқау шарты:
1. Педагог өзінің ПОРТФОЛИОСЫН (электронды презентация түрінде).
2. «Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» атты тақырыпта 2 беттен (14 кегл,
Times New Roman) артық емес эссе,
3. Өткізген ашық сабақтарының бірін жіберуі қажет (педагогтың 3\4 форматтағы немесе сапалы жеке 1 фото суретін және сабақ беру барысында түсірілген фото-суреттері (4 немесе 5) электронды нұсқада жұмыспен бірге жіберілуі тиіс) 2023 жылдың маусым айының 10-на дейін Altyn-kitap2020@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша байқау марапаттары жіберілетін болады).
Байқау қатысушылары:
• Арнайы тағайындалған «Алтын төсбелгі» атты төсбелгісі
• Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік
• І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапталады
• «ҚР педагогтерінің «АЛТЫН КІТАБЫ-2023» педагогтердің өмірбаяны республикалық www.bilim-ork сайтына жарыққа шығады
• Педагогке қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс
хат беріледі.
Байқаудың марапаттау рәсімі маусым айында Астана қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған педагогтарға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі табыс етіледі. Сондай-ақ, Астана қаласының мәдени орталықтарына педагогтар саяхат жасайды.

Ұйымдастыру алқасының сайты http:// bilim-ork.kz /
Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety
Ұйымдастырушылар алқасы: 8 747-895-90-22, 8 747-702-52-62, 8 778-742-74-40.
Altyn-kitap2020@mail.ru
Өтініш кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы Қазақстан Республикасы педагогтерінің «Алтын кітабы-2023»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Тұрғылықты мекен-жай, индекс
Басшының толық аты-жөні

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз