«БАСТАУЫШ БІЛІМ БҰЛАҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА АҚПАРАТЫҚ ХАТЫ!

0
2411

«Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының
«БАСТАУЫШ БІЛІМ БҰЛАҒЫ» атты республикалық байқауына дарынды
оқушыларды қатысуға шақырамыз!

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ,
ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ
ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен №5-
18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «БАСТАУЫШ БІЛІМ БҰЛАҒЫ» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республиканың дарынды оқушыларының арасында байланыс орнату және оқушылардың ғылыми әлеуетін күшейту инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!

Байқаудың шарттары: Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап 2 беттен аспайтын эссе жазып жіберуі қажет. Сондай-ақ оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және білім алу барысында ұстаздарымен, сыныптастарымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5,6 шт).

Байқауға жұмыстар 2021 жылдың мамыр айының 21-не дейін zhas_daryn2020@mail.ru
почтасы бойынша қабылданады

  • «Менің сүйікті ұстазым» бұл тақырып бойынша оқушы өзінің ұстазы жайында жазуы
    қажет.
  • «Менің отбасым» бұл тақырып бойынша оқушы өзінің отбасысы жайында жазуы
    қажет.
  • «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен Тәуелсіздік тарихы жайында жазуы қажет.
  • «Менің туған жерімнің тарихы» бұл тақырып бойынша оқушы өзінің туған жері
    жайында жазуы қажет.
  • «Мен болашақта кім боламын?» бұл тақырып бойынша оқушы өзінің болашақ
    мамандығы жайында, арманы жайында жазуы қажет.
  • «Бастауыш білім бұлағы» бұл тақырып бойынша бастауышпен қоштасып жатқан
    оқушылар, алған білімдері жайында жазуы қажет.

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл
өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқау қатысушылары марапатталады: Бас жүлде иегеріне, сыйлық: ҚР БҒМ
«Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жолдама «БАСТАУЫШ БІЛІМ
БҰЛАҒЫ» атты кітап жинаққа оқушының жұмысы енгізіледі. Жұмысының сапасына
байланысты І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом иеленеді. «ҮЗДІК БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ» атты төсбелгішемен марапатталады, төсбелгішені куәландыратын куәлік беріледі. Оқушының жетекші-ұстазына, Атан-анасына Алғыс хат беріледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://biork.kz/
Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety
Анықтама тел.: 8702-542-33-05; 8707-142-74-40 Білім-өркениеті

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

 

Автордың тегі, аты-жөні,
Ата-анасының аты-жөні
Жетекшісінің аты-жөні
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Тұрғылықты мекен-жайы

Білім беру мекеменің атауы
Телефоны, ұялы, е-mail
Оқушының 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз