«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ»
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН
ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
«BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мұғалім мәртебесін көтеру, білім беру жүйесіндегі педагогтер арасында байланыс орнату, қоғамда мұғалім беделін арттыру және педагогтердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!
Республикалық байқауына қатысушылар:
?Мектеп мұғалімдері;
?Қосымша білім беру педагогтері;
?Колледж оқытушылары;
?Жас мамандар;
?Мектеп-интернат педагогтері;
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы «Педагог мәртебесі: қазіргі білім берудің өзекті мәселелері…» тақырыбында 1,5 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. Эссе WORD редакторында «Times New Roman», 14 шрифтпен терілуі қажет. Эсседе қазіргі білім берудің өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары, сондай-ақ педагог мәртебесін көтерудің маңыздылығы жан-жақты ашылуы тиіс. Сонымен қатар қатысушы өзінің білім беру саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін (мысалы: алғыс хат, диплом, сертификат, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың ақпан айының 27-не дейін қабылданады.
Байқау қатысушыларына:
- Арнайы тағайындалған «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» төсбелгісі;
- Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
- «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» статуэткасы;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрық негізінде USTAZ.KZ платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі республикалық дипломмен марапатталады;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына эссеңіз жарияланады;
- Сонымен қатар педагогке қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына АЛҒЫС ХАТ жолданады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: uzdik.pedagog2019@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Білім беру мекеменің атауы | |
| Еңбек өтілі, лауазымы | |
| Байқау атауы | «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» |
| Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
| Сапалы түрлі-түсті ¾ фото |






