?Байқаудың мақсаты: Дарынды оқушылардың ғылыми ізденістерін қолдау, олардың инновациялық идеялары мен ғылыми жобаларын кеңінен насихаттау, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосатын жаңа бастамаларды анықтау және талантты жастарды ынталандыру арқылы еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыру.
?Байқауға қатысушылар: Колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!
?Байқауға қатысуға темендегi бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:
- Физика-математикалық (секциялар: физика, математика, информатика, экономика);
- Ғылыми-жаратылыстану (секциялар: биология, химия, адам денсаулығы т.б);
- Лингвистикалық (секциялар: əдебиеттану, тiл бiлiмi);
- Гуманитарлық (секциялар: тарих, өлкетану, этномəдениеттану).
Ғылыми жоба тақырыбын таңдау автордың өз еркінде!
?Байқаудың шарттары:
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында «Times New Roman» 14 шрифтімен терілуі керек, жоларалық 1,0 см, сол жақтан 20 мм жол. Ғылыми жоба 15 беттен артық болмауы қажет.
Ғылыми жобаны жазу стандарты бойынша:
- бастапқы беті (тақырыбы, секциясы, қатысушы мен жетекшінің аты-жөні жазылған);
- мазмұны;
- негізгі бөлім (кіріспе, теория, практика, қорытынды);
- пайдаланған әдебиеттер тізімі болуы тиіс.
?Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең — іріктеу кезеңі сырттай өтеді, байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Ғылыми жұмыстар antiplagiat.ru жүйесінде тексерілетін болады.
Ғылыми жобалар 2026 жылдың ақпан айының 27-не дейін astana_2025.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.
?Байқауға жұмыстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады!
?Байқау қатысушыларына:
- Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» атты төсбелгішесі;
- Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрық негізінде USTAZ.KZ платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі республикалық дипломмен марапатталады;
- Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ, жетекшіге ДИПЛОМ табыс етіледі.
Жетекшіге берілетін марапат:
- Арнайы тағайындалған ТӨСБЕЛГІ;
- Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрық негізінде USTAZ.KZ платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі республикалық дипломмен марапатталады;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына ғылыми жобаларыңыз жарияланады;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысып, USTAZ.KZ платформасына тіркелетін сертификатқа ие бола алады.
- Сонымен қатар қатысушы мен жетекшісіне қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына АЛҒЫС ХАТ жолданады.
?Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі-төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: astana_2025.kz@mail.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Жетекшісінің аты-жөні | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Білім беру мекеменің атауы | |
| Байқау атауы | «Сен ғылымға болсаң ынтық…» |
| Телефон, ұялы, е-mail.ru (мұғалім және ата-ана) | |
| Сапалы түрлі-түсті ¾ фотолары |






