Мелекет басшысы Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өтетін «Тәуелсіздік — ең қымбат қазынамыз!» атты дарынды оқушылардың байқауына қатысуға шақырамыз!

0
442

?«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы,ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514, 95, 175 бұйрықтары негізінде «Тәуелсіздік — ең қымбат қазынамыз!»  атты дарынды оқушылар мен ұстаздарына арналған республикалық байқау өтетіндігін хабарлайды.

?Байқау шарттары: Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптарының бірін таңдап 2 беттен аспайтын эссе жазып жіберуі қажет. Сондай-ақ оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және білім алу барысында ұстаздарымен, сыныптастарымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5,6 дана)

Байқаудың бағыттары:

  1. Эссе жазу – «Тәуелсіздік — ең қымбат қазынамыз!» тақырыбында.
  2. Бейнелеу өнері – туған ел бейнесін сурет арқылы көрсету.
  3. Бейнекөрініс (видео) – қысқаметражды ролик (1–3 минут).
  4. Өлең оқу немесе авторлық өлең шығару – Отан туралы.

Негізгі талаптар:

  • Жұмыс қазақ немесе орыс тілінде қабылданады.
  • Шығармашылық жұмыс автордың өз еңбегі болуы тиіс.
  • Эссе көлемі – 1–2 бет (А4 форматта, 12 шрифт).
  • Сурет жұмысы – А3 немесе А4 форматында, кез келген техникамен орындалуы мүмкін.
  • Видео/өлең – 3 минуттан аспауы тиіс.
  • Әр қатысушы тек бір номинация бойынша қатыса алады.

Бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ашылуы
  • Шығармашылық көзқарас
  • Тіл мәдениеті мен мазмұн тереңдігі
  • Безендірілу сапасы

Байқауға жұмыстар 2026 жылдың ақпан айының 27-не дейін astana_2025.kz@mail.ru электронды почтасына өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет.

       Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Олимпиадаға қатысушылар төмендегі марапатқа ие болады:

  • Арнайы тағайындалған ТӨСБЕЛГІШЕ;
  • Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрық негізінде USTAZ.KZ платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі республикалық дипломмен марапатталады;
  • Ата-анаға АЛҒЫС ХАТ, жетекшіге ДИПЛОМ табыс етіледі;
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына эссеңіз жарияланады;
  • Ұстазына, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген
  • 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысып,
    USTAZ.KZ платформасына тіркелетін сертификатқа ие бола алады;
  • Сонымен қатар қатысушы мен жетекшісіне қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына АЛҒЫС ХАТ жолданады.

 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: astana_2025.kz@mail.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Жетекшісінің аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы «Тәуелсіздік — ең қымбат қазынамыз!»
Телефон, ұялы, е-mail.ru (мұғалім және ата-ана)  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотолары  

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз