«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ- МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АҚПАРАТЫҚ ХАТЫ!

0
3796

«Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ- МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ «  атты республикалық  байқауына дарынды оқушыларды қатысуға шақырамыз!

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Жанұя, отбасы — мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі — отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі.

Осы байкауға қатысу арқылы, әр бала өзінің отбасына деген шексіз құрметін білдіріп, қуаныш сыйлай алады деген ойдамыз.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен №5- 18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ- МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ»  атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Республиканың дарынды оқушыларының арасында байланыс орнату;
  • Отбасылық құндылықтарды насихаттау;
  • Отбасы институты мен отбасылық қатынастарды нығайту.
  • Ата — ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру

Байқаудың шарттары:

Оқушы төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, 3 беттен аспайтын эссе жазып жіберуі қажет.

  • «Менің отбасым — менің тірегім»,
  • «Отбасым асыл қазынам»,
  • «Отбасы – бақыт мекені».

Сондай-ақ, оқушы отбасылық суреттерін, кітапқа енгізетін суреттер 6 дана және де өзі жайында жазылған мәліметтерді (отбасы жайлы мәліметтерді) төмендегі кесте үлгісі бойынша толтырып, байқау материалдарымен бірге 2021 жылдың қазан айының 25-не дейін mereyli_otbasy@mail.ru электрондық почтасына жолдауы тиіс.

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 3 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Бас жүлде иегеріне сыйлық: Ноутбук

Байқау қатысушылары иеленеді: «Мерейлі отбасы- Мемлекет тірегі» атты республикалық энциклопедиясы (кітапқа отбасы жайлы эссе отбасылық суреттерімен бірге енгізіледі). «Мерейлі отбасы төсбелгісі», Дәрежелі диплом және төсбелгіні куәландыратын куәлік табысталады.   

Барлық сұрақтарды анықтама телефондары арқылы қоя аласыздар:

8-747-343-68-01; 8-778-742-74-40
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК
Оқушының тегі, аты-жөні
Ата-анасының аты-жөні
Жетекшісінің аты-жөні (болған жағдайда)
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Тұрғылықты мекен-жай

Білім беру мекеменің атауы
Телефоны, ұялы, е-mail
3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз