«ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің білім беру ұйымдарының көшбасшы педагогтерін анықтау мақсатында «Білім беру ісінің қайраткері» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқауға республика көлеміндегі ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, педагог-ұстаздар қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқауға қатысушы педагогтер «Білім беру ісінің қайраткері» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған төсбелгі, куәлік және  І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады.

Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған «Үздік педагог: менің ұстаздық жолым және педагогикалық әдіс-тәсілдерім…» атты 1,5 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.). Эсседе үздік педагогтің тұлғасын суреттейтін білім берудегі педагогикалық әдіс-тәсілдері, шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл идеялары көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар білім беру саласындағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері  (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б. 4-5 данасын ) қоса тіркелуі тиіс, 3/4 форматтағы  сапалы  суретін жіберуі қажет. Байқауға жұмыстар 2022 жылдың наурыз айының 25-не дейін uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласына ҚР Министрліктері үйінде өтетін қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда сұраныста көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ кітабы, төсбелгі, куәлік, диплом жіберілетін болады).

«ҚР Білім беру ісінің қайраткері» байқауы педагогтерінің эсселері енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2022 жылы NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «ҚР Білім беру ісінің қайраткері» байқауының қатысушылары, жеңімпаздары шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына, қатысушыларына жіберіледі.  Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі, «ҚР Білім беру ісінің қайраткері» атты байқауға қатысқан педагогтердің  өмірбаяндық эсселері енгізілген жинақ кітабы табысталады. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkenietі, ФБ: Білім өркениеті. Анықтама тел.: 8747-628-80-54, 8775 452 03 98                                              

                                                         СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы  
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы «ҚР Білім беру ісінің қайраткері»
Телефоны, ұялы, е-mail,

Сапалы 3х4 фотосы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз