«ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ПЕДАГОГІ-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің білім беру ұйымдарының еңбек сіңірген педагогтерін анықтау мақсатында «ҚР Еңбек сіңірген педагогі-2022» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқауға республика көлеміндегі ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, педагог-ұстаздар қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқауға қатысушы педагогтер «ҚР Еңбек сіңірген педагогі-2022»  атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған төсбелгі, куәлік және  І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады.

Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған «Ұстаз ұлы есім: өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау…» атты 1,5 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.). Эсседе үздік педагогтің білім берудегі инновациялық идеялары көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар білім беру саласындағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері  (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б. 4-5 данасын ) қоса тіркелуі тиіс, 3/4 форматтағы  сапалы  суретін жіберуі қажет. Байқауға жұмыстар 2022 жылдың наурыз айының 25-не дейін uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласына ҚР Министрліктері үйінде өтетін қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда сұраныста көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ кітабы, төсбелгі, куәлік, диплом жіберілетін болады).

«ҚР Еңбек сіңірген педагогі-2022» байқауы педагогтерінің эсселері енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2022 жылы NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «ҚР Еңбек сіңірген педагогі-2022» байқауының қатысушылары, жеңімпаздары шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына, қатысушыларына жіберіледі.  Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі, «ҚР Еңбек сіңірген педагогі-2022» атты байқауға қатысқан педагогтердің  өмірбаяндық эсселері енгізілген жинақ кітабы табысталады. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkenietі, ФБ: Білім өркениеті. Анықтама тел.: 8747-628-80-54, 8775 452 03 98                                                

                                                         СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы «ҚР Еңбек сіңірген педагогі-2022»
Телефоны, ұялы, е-mail,

Сапалы 3х4 фотосы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз