«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ — 2026» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мұғалім мәртебесін көтеру, қоғамдағы педагог беделін арттыру, білім беру саласындағы ұстаздар арасында кәсіби байланыс орнату, инновациялық идеялар мен озық тәжірибелерді насихаттау және үздік педагогтерді анықтау.

Республикалық байқауына қатысушылар:

🔹Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері;
🔹Гимназия, лицей педагогтері;
🔹Колледж оқытушылары;
🔹Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері;
🔹Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;
🔹Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері;
🔹Жеке білім беру орталықтары мен мекемелерінің ұстаздары қатыса алады;
🔹Білім беру саласында еңбек етіп жүрген барлық педагог мамандарды қатысуға шақырамыз.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы «Ұстаз — Тәуелсіз Қазақстанның болашағын қалыптастырушы» атты 1,5 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman), өтініш кестесін толтырып, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған диплом, алғыс хат, медаль және т.б.) жіберуі тиіс.

Құжаттар uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарына:

  • Арнайы тағайындалған «Ы.АЛТЫНСАРИН ТӨСБЕЛГІСІ» атты төсбелгі;
  • Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
  • «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ» статуэткасы;
  • «ҰСТАЗ» платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысып, KZ платформасына тіркелетін сертификат беріледі.
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына эссеңіз жарияланады;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/  
Электронды почтасы: uzdik.pedagog2019@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Еңбек өтілі, лауазымы  
Байқау атауы

«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ — 2026»

Басшының толық аты-жөні  
Телефон, ұялы телефон, e-mail  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз