«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ – 2026» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай еліміздің түрлі салаларында елеулі жетістіктерге жетіп, мемлекет пен қоғамның дамуына үлес қосқан тұлғаларды анықтау, олардың еңбегі мен жетістіктерін дәріптеу. Өнегелі өмір жолын көпшілікке үлгі етіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және ел игілігі жолында қызмет етуге ынталандыру.
Республикалық байқауына қатысушылар:
🔹 Білім және ғылым саласының мамандары;
🔹 Медицина саласының мамандары;
🔹 Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
🔹 Әдебиет-көркем өнер саласының мамандары;
🔹 Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
🔹 Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
🔹 Мемлекеттік қызметкерлер;
🔹 Қоғам қайраткерлері;
🔹 Теміржолшылар;
🔹 Экономистер;
🔹 Зейнеткерлер;
🔹 Кәсіпкерлер;
🔹 Есепшілер;
🔹 Ауыл-шаруашылық мамандары;
🔹 Ақпарат саласының мамандары;
🔹 Құрылыс саласының мамандары;
🔹 Энергетика саласының мамандары;
🔹 Әлеуметтік қызметкерлер;
🔹 Әскери қызметкерлер;
🔹 Ел Егемендігінің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз!
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman), өтініш кестесін толтырып, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) жіберуі тиіс. Байқаудың екінші кезеңі Астана қаласында республикалық деңгейде салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Құжаттар Bilim.news@mail.ru электронды почтасына немесе +7 702 821 84 20 WhatsApp нөміріне өтініш кестесімен бірге 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына:
— Арнайы тағайындалған «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» төсбелгісі;
— Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
— «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» статуэткасы;
— ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
— Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: bilim.news@mail.ru
Instagram парақшасы: @zhana_qazaqstan_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 702 821 84 20, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Қызмет орнының атауы, лауазымы | |
| Еңбек өтілі | |
| Байқау атауы |
«ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ- 2026» |
| Басшының толық аты-жөні | |
| Телефон, ұялы телефон, e-mail | |
| Сапалы түрлі-түсті 3×4 фото |









