Байқаудың мақсаты:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай білімге құштар, дарынды әрі үздік оқушыларды анықтау және қолдау, олардың білім, шығармашылық, өнер, спорт және қоғамдық қызмет салаларындағы жетістіктерін кеңінен насихаттау. Жас таланттардың қабілетін шыңдап, жаңа жетістіктерге ынталандыру арқылы еліміздің зияткер, білімді және бәсекеге қабілетті жас ұрпағын дәріптеу.

Байқаудың шарты: Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, 1,5 беттен аспайтын эссе жазып, 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін astana_2025.kz@mail.ru электронды почтасына өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет.

  • Менің сүйікті Отаным;
  • Менің отбасым – менің бақытым;
  • Туған жер – тұғырым;
  • Мектеп – білім мен тәрбие ордасы;
  • Менің болашақ мамандығым;
  • Менің сүйікті ұстазым;
  • Тәуелсіздік – ең қымбат құндылығым;
  • Салт-дәстүр – ұлттың рухани қазынасы;
  • Білім мен ғылым – жетістікке бастар жол;
  • Дарынды ұрпақ – ел болашағы;
  • Талант пен еңбек – табысқа бастар жол;
  • Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім;
  • Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымын;
  • Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл;
  • Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл;
  • Ыбырай Алтынсаринның туғанына 185 жыл.

Эссеге қойылатын талаптар: Мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқау жеңімпаздарына:

  • Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» атты төсбелгішесі;
  • Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
  • «ЖЫЛДЫҢ 100 ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ» статуэткасы;
  • Республикалық І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
  • Ата-анасына қолдау көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етіледі.

Жетекшісіне берілетін марапаттар:

  • «ҰСТАЗ» платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысып, KZ платформасына тіркелетін сертификат беріледі.
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына эсселеріңіз жарияланады;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/  
Электронды почтасы: astana_2025.kz@mail.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Жетекшісінің аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы «Жылдың 100 үздік дарынды оқушысы»
Телефон, ұялы телефон, e-mail (мұғалім және ата-ана)  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотолары  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз