Байқаудың мақсаты:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай дарынды оқушылардың ғылыми ізденістері мен инновациялық жобаларын қолдау, жас зерттеушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым-білімге құштар талантты жастарды ынталандыру.

Байқауға қатысуға темендегi бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

  1. Физика-математикалық (секциялар: физика, математика, информатика, экономика);
  2. Ғылыми-жаратылыстану (секциялар: биология, химия, адам денсаулығы т.б);
  3. Лингвистикалық (секциялар: əдебиеттану, тiл бiлiмi);
  4. Гуманитарлық (секциялар: тарих, өлкетану, этномəдениеттану).
    Ғылыми жоба тақырыбын таңдау автордың өз еркінде!

Байқаудың шарттары:

Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында «Times New Roman» 14 шрифтімен терілуі керек, жоларалық 1,0 см, сол жақтан 20 мм жол. Ғылыми жоба 15 беттен артық болмауы қажет.

Ғылыми жобаны жазу стандарты бойынша:

  • Бастапқы беті (тақырыбы, секциясы, қатысушы мен жетекшінің аты-жөні жазылған);
  • Мазмұны;
  • Негізгі бөлім (кіріспе, теория, практика, қорытынды);
  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі болуы тиіс.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтеді, байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Ғылыми жұмыстар antiplagiat.ru   жүйесінде тексерілетін болады.

Ғылыми жобалар astana_2025.kz@mail.ru электронды почтасына 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін қабылданады.

Байқауға жұмыстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады!

Байқау жеңімпаздарына:

  • Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» атты төсбелгішесі;
  • Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
  • «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» статуэткасы;
  • Республикалық І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
  • Ата-анасына қолдау көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етіледі.

Жетекшісіне берілетін марапаттар:

  • Арнайы тағайындалған «Ы.АЛТЫНСАРИН ТӨСБЕЛГІСІ» атты төсбелгі;
  • Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
  • «ҰСТАЗ» платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысып, KZ платформасына тіркелетін сертификат беріледі.
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына ғылыми жобаларыңыз жарияланады;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/  
Электронды почтасы: astana_2025.kz@mail.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Жетекшісінің аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы «Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы»
Телефон, ұялы телефон, e-mail (мұғалім және ата-ана)  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотолары  

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз