Құрметті ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, өскелең ұрпақ бойына жақсы қасиеттерді дарытып, білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор! Әрқайсымыздың осындай биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сіздерге әрқашан қарыздармыз.
Құрметті ұстаздар Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақытты ғұмыр тілейміз!

«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.

Білім мен ғылымға, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін, ардақты да, аяулы ұстаздар мерекесі құтты болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз