«Жас маман» зияткерлік додасы аясындағы байқауы (бұдан әрі — Байқау) – білім беру саласында жұмыс істейтін, кәсіби шеберлігі жоғары жас мамандарды қолдауға және олардың озық тәжірибесін таратуға бағытталған республикалық деңгейдегі байқау.
Байқаудың ұйымдастырушысы «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «BILIM-ÒRKENIETI» ҰИҒЗО) болып табылады.
Байқаудың мақсаты: Жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін арттыру, кәсіби дамуына қолдау көрсету және білім беру саласындағы озық ой-пікірлерін айқындауға жағдай жасау.
Байқаудың міндеті: жас мамандардың кәсіби тәжірибесін насихаттау, олардың шығармашылық әлеуеті мен жаңашыл идеясын қолдау. Сонымен қатар, педагогтер арасында заманауи көзқарастармен алмасуға ықпал ету.
Өткізу тұрақтылығы мен мерзімділігі: Республикалық байқау 2022-2025 жыл аралығында ұзақ мерзімді тұрақты форматта жыл сайын ұйымдастырылады (кемінде 3 жыл).
Ауқымдылығы: өңірлік деңгейден республикалық деңгейге дейін.
Қатысушылар: педагогикалық өтiлi 5 жылға дейінгі барлық бiлiм беру ұйымдарының педагогтері (жас маман).
Байқау онлайн форматтарда ұйымдастырылады.
Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады:
— Бірінші кезең: Республика көлемінде іріктеу онлайн өтеді. Яғни, іріктеу кезеңінде жас мамандар ұсынылатын жұмыстары электронды нұсқада қабылданады.
— Екінші кезең: Республика көлемінде бірінші кезең бойынша іріктелініп алынған қатысушылар таңдап алған секция бойынша жазған мақалаларын прокторинг арқылы қорғайтын болады.
— Үшінші кезең: Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақырылады.
І. Бірінші кезең бойынша қатысушы келесі құжаттарды осы электронды почтаға astana-20s@mail.ru жіберуі тиіс (3 жыл бұрын ұсынылған жобалар байқауға қатыстырылмайды):
- Байқауға қатысу өтінімі:
Қатысушының толық аты-жөні:: | |
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы: | |
Білім беру ұйымы, лауазымы: | |
Педагогикалық жұмыс өтілі: | |
Педагогтың сабақ беретін пән атауы: | |
Байланыс телефоны: | |
Электронды пошта (E-mail) |
- Қатысушылар көрсетілген сессиялардың (бағыт) бірін таңдап, WORD форматында жазған мақала жіберуі керек.
БАЙҚАУ СЕКЦИЯЛАРЫ (БАҒЫТ):
Секция 1. Педагогика және ғылым.
Секция 2. Мектепке дейінгі білім.
Секция 3. Қазіргі замандағы қашықтық оқыту.
Секция 4. Педагогтарды аттестациялау.
Секция 5. Оқушы және мектеп.
Секция 6. Инклюзивті білім беру.
Секция 7. География.
Секция 8. Өнертану.
Секция 9. Тарих.
Секция 10. Әдебиеттану.
Секция 11. Тіл білімі.
Секция 12. Медицина.
Секция 13. Биологиялық ғылымдар.
Секция 14. Саясаттану.
Секция 15. Психология.
Секция 16. Әлеуметтану.
Секция 17. Техникалық ғылымдар.
Секция 18. Физико-математикалық ғылымдар.
Секция 19. Филология.
Секция 20. Философия.
Секция 21. Спорт.Секция жұмыстары білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша жүргізіледі.
Жалпы талаптар: Мақала педагогтің білім беру процесінде қолданған немесе зерттеген әдістемелік тәсілі, тәжірибесі, жаңашыл идеясы туралы ғылыми негізделген көзқарасын қамтуы тиіс.
Ескерту: Мақала авторлық жұмыс болуы міндетті. Көшірме немесе плагиат фактілері анықталған жағдайда жұмыс қабылданбайды.
Мақала құрылымдық жағынан кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы тиіс.
Мақала жазуға қойылатын техникалық талаптар:
Критерий | Сипаттамасы |
Формат | Word құжаты (.doc немесе .docx) |
Қаріп | Times New Roman, 14 кегль |
Жоларалық интервал | 1,5 |
Бет өлшемі | А4, барлық шеттері – 2 см |
Мәтін көлемі | 2–4 бет |
Тілі | Қазақ тілі |
Файл атауы | Қатысушының аты-жөні мен өңірі көрсетілуі тиіс. Мысалы: Айгүл_Серикқызы_Абайоблысы.docx |
- Соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.) жіберуі керек.
ІІ. Екінші кезең бойынша таңдап алған секция бойынша жазған мақала бейнебайланыс арқылы прокторингпен бақыланады.
- Мақсаты: Жас педагогтердің кәсіби ой-пікірлерін, тәжірибесін, әдістемелік ізденістерін ғылыми-тәжірибелік мақала түрінде ұсынуына мүмкіндік жасау арқылы олардың зияткерлік әлеуетін дамыту.
- Тапсырма сипаттамасы: Қатысушы Zoom платформасында 10-15 минут ішінде мақалаларын қорғауы керек.
Қорғау тәртібі:
— Қатысушы өзін таныстырып, мақаласының атауын, мақсатын, зерттеу бағытын және негізгі мазмұнын 5–7 минут аралығында баяндап шығуы тиіс.
— Мақаланы қорғау кезінде презентация немесе визуалды материалдарды қолдануға рұқсат етіледі.
— Қатысушы сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беруі қажет.
Қорытындылау және марапаттау:
— Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, сертификаттармен марапатталады. Барлық құжаттарда QR-код болады.
— Жүлделі орын алған женімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, жұмыстары практикаға енгізуге ұсынылады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: http:// bilim-ork.kz /
Инстаграм парақшасы:bilim_orkeniety
Өтінім кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!