«Жас маман-2025» зияткерлік додасы аясындағы республикалық байқауын өткізудің Ережесі

0
305

Жалпы ереже

«Жас маман» зияткерлік додасы аясындағы республикалық байқауы (бұдан әрі — Байқау) – білім беру саласында жұмыс істейтін, кәсіби шеберлігі жоғары жас мамандарды қолдауға және олардың озық тәжірибесін таратуға бағытталған республикалық деңгейдегі байқау.

Байқаудың ұйымдастырушысы «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «BILIM-ÒRKENIETI» ҰИҒЗО) болып табылады.

Байқаудың мақсаты: 
Жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін арттыру, кәсіби дамуына қолдау көрсету және білім беру саласындағы озық ой-пікірлерін айқындауға жағдай жасау.

Байқаудың міндеті:
Жас мамандардың кәсіби тәжірибесін насихаттау, олардың шығармашылық әлеуеті мен жаңашыл идеясын қолдау. Сонымен қатар, педагогтер арасында заманауи көзқарастармен алмасуға ықпал ету.

Қатысушылар: педагогикалық өтiлi 5 жылға дейінгі барлық бiлiм беру ұйымдарының  педагогтері (жас маман).

Байқау онлайн форматтарда ұйымдастырылады.

Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады:

— Бірінші кезең — іріктеу кезеңі. Қатысушылар сұратылған жұмыстарын электронды нұсқада байқау ұйымдастырушыларының электронды поштасына жолдайды. Жұмыстар сырттай сарапталып, үздік деп танылған жобалар екінші кезеңге жолдама алады.

Бірінші кезең бойынша қатысушы келесі құжаттарды осы электронды почтаға astana-20s@mail.ru жіберуі тиіс (3 жыл бұрын ұсынылған жобалар байқауға қатыстырылмайды):

  1. Байқауға қатысу өтінімі:
Қатысушының толық аты-жөні::
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы:
Білім беру ұйымы, лауазымы:
Педагогикалық жұмыс өтілі:
Педагогтың сабақ беретін пән атауы:
Байланыс телефоны:
Электронды пошта (E-mail)
  1. Қатысушылар көрсетілген секциялардың бірін таңдап, WORD форматында жазған мақала жіберуі керек. Секция жұмыстары білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша жүргізіледі.

БАЙҚАУ СЕКЦИЯЛАРЫ (БАҒЫТ):
Секция 1. Педагогика және ғылым
Секция 2. Мектепке дейінгі білім
Секция 3. Қазіргі замандағы қашықтық оқыту
Секция 4. Педагогтарды аттестациялау
Секция 5. Оқушы және мектеп
Секция 6. Инклюзивті білім беру
Секция 7. География
Секция 8. Өнертану
Секция 9. Тарих
Секция 10. Әдебиеттану
Секция 11. Тіл білімі
Секция 12. Медицина
Секция 13. Биологиялық ғылымдар
Секция 14. Саясаттану
Секция 15. Психология
Секция 16. Әлеуметтану
Секция 17. Техникалық ғылымдар
Секция 18. Физико-математикалық ғылымдар
Секция 19. Филология
Секция 20. Философия
Секция 21. Спорт

Жалпы талаптар:

— Мақала педагогтің білім беру процесінде қолданған немесе зерттеген әдістемелік тәсілі, тәжірибесі, жаңашыл идеясы туралы ғылыми негізделген көзқарасын қамтуы тиіс.

— Мақала авторлық жұмыс болуы міндетті. Көшірме немесе плагиат фактілері анықталған жағдайда жұмыс қабылданбайды.

— Мақала құрылымдық жағынан кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы тиіс.

           Мақала жазуға қойылатын техникалық талаптар:

Критерий Сипаттамасы
Формат Word құжаты (.doc немесе .docx)
Қаріп Times New Roman, 14 кегль
Жоларалық интервал 1,5
Бет өлшемі А4, барлық шеттері – 2 см
Мәтін көлемі 2–4 бет
Тілі Қазақ тілі
Файл атауы Қатысушының аты-жөні мен өңірі көрсетілуі тиіс. Мысалы: Айгүл_Серикқызы_Абайоблысы.docx
  1. Соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін жіберуі керек (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.).

 — Екінші кезеңжобаны қорғау кезеңі. Республика көлемінде бірінші кезең бойынша іріктелініп алынған үздік жұмыстар авторлары таңдап алған секция бойынша  жазған мақалаларын прокторинг арқылы қорғайтын болады.

Екінші кезең бойынша таңдап алған секция бойынша жазған мақала бейнебайланыс арқылы прокторингпен бақыланады.

Мақсаты: Жас педагогтердің кәсіби ой-пікірлерін, тәжірибесін, әдістемелік ізденістерін ғылыми-тәжірибелік мақала түрінде ұсынуына мүмкіндік жасау арқылы олардың зияткерлік әлеуетін дамыту.

Тапсырма сипаттамасы: Қатысушы Zoom платформасында 10-15 минут ішінде мақалаларын қорғауы керек.

Қорғау тәртібі:

— Қатысушы өзін таныстырып, мақаласының атауын, мақсатын, зерттеу бағытын және негізгі мазмұнын 5–7 минут аралығында баяндап шығуы тиіс.

— Мақаланы қорғау кезінде презентация немесе визуалды материалдарды қолдануға рұқсат етіледі.

Прокторинг талаптары:

  • Қатысушы бейнебайланысқа қосылуы тиіс (Zoom).
  • Камера мен микрофон толық қосулы болуы қажет.
  • Экран жазбасы және прокторинг жүйесі арқылы бақылау жүргізіледі.
  • Тапсырмаларды орындау кезінде сыртқы көмектің болмауы қажет.
  • Техникалық себептермен байланыс үзілген жағдайда, қатысушы қайта қосылуға мүмкіндігі бар.

Іріктеу кезеңіндегі бағалау критерийлері

Бағалау өлшемдері Балл
1 Тақырыптың өзектілігі мен ғылыми негізділігі 5
2 Педагогикалық тәжірибенің тиімді сипатталуы 5
3 Мақаланың құрылымы және логикалық тұтастығы 5
4 Зерттеушілік және жаңашыл бағыттың көрінісі 5
5 Тілдік сауаттылық, стилі мен көркемдігі 5
6 Ресми талаптарға сәйкестігі 5
  Жалпы ұпай 30


— Үшінші кезең:
Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақырылады.

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Орын алмаған қатысушылар байқауға қатысқаны туралы сертификаттар алады. Барлық құжаттарда QR-код болады.


Ұйымдастыру алқасының сайты: http:// bilim-ork.kz /

Инстаграм парақшасы:bilim_orkeniety

Өтінім кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз