Жалпы ереже
“Жаңашыл педагог” республикалық байқауы (бұдан әрі — Байқау) – білім беру саласында жұмыс істейтін, кәсіби шеберлігі жоғары педагогтерді қолдауға және олардың озық тәжірибесін таратуға бағытталған республикалық деңгейдегі байқау.
Байқаудың ұйымдастырушысы «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «BILIM-ÒRKENIETI» ҰИҒЗО) болып табылады.
Байқаудың мақсаты:
Білім беру жүйесінде тың идеяларды ұсынып, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білетін педагогтерді қолдау. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби дамуына жол ашу, озық тәжірибені тарату, жаңашыл бастамаларды ортаға салып, қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру.
Байқаудың міндеттері:
Бұл байқау педагогтердің жаңашыл әдістері мен тәжірибелік ізденістерін насихаттап, кәсіби шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімдер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, ғылым мен практиканы тоғыстыра отырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Қатысушылар: Педагогикалық өтiлi 5 жылдан кем емес барлық бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер қатыса алады.
Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады.
— Бірінші кезең — іріктеу кезеңі. Қатысушылар сұратылған жұмыстарын электронды нұсқада байқау ұйымдастырушыларының электронды поштасына жолдайды. Жұмыстар сырттай сарапталып, үздік деп танылған жобалар екінші кезеңге жолдама алады.
Бірінші кезең бойынша қатысушы келесі құжаттарды осы электронды почтаға uzdik2019@mail.ru жіберуі тиіс (3 жыл аралығында ұсынылған жобалар байқауға қатыстырылмайды):
І. Байқауға қатысу өтінімі:
| Қатысушының толық аты-жөні:: | |
| Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы: | |
| Білім беру ұйымы, лауазымы: | |
| Педагогикалық жұмыс өтілі: | |
| Педагогтың сабақ беретін пән атауы: | |
| Байланыс телефоны: | |
| Электронды пошта (E-mail) |
ІІ. Қатысушылар көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап, WORD форматында жаңартылған бағытта өткізген немесе өткізгелі жатқан ашық сабағын жіберуі тиіс.
Ұсынылатын тақырыптар:
- “Дарынды және талантты балаларды оқыту”.
- “Қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары”.
- “Креативті жазуға үйретудің авторлық әдісі”.
- “STEAM технологиясын бастауыш сыныпқа бейімдеу тәжірибем”.
- “Инклюзивті ортада критериалды бағалауды қолдану әдістемесі”.
- “Оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттыру тәсілі”.
Ашық сабақты жазу үлгісі
- Жалпы мәліметтер:
Мұғалімнің аты-жөні: ____________________________
Лауазымы: ____________________________
Пәні: __________________________________________
Сабақтың тақырыбы: ____________________________
Сабақтың түрі: __________________________________
Өткізу күні: ____________________________________
- Сабақтың барысы:
- Сабақтың жалпы мақсаты;
- Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес);
- Күтілетін нәтижелер;
- Қолданылатын ресурстар мен педагогикалық әдістер:
- Қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;
- Цифрлық платформалар мен қосымшалар (егер қолданылса);
- Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер;
- Сабақтың кезеңдері мен құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі;
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Жаңа тақырыпты ашу;
- Жаңа материалды түсіндіру және меңгеру;
- Тапсырмалар орындау (жеке, жұптық, топтық жұмыс);
- Бекіту;
- Қорытынды, бағалау;
- Рефлексия;
- Үй тапсырмасы;
- Сабақтағы жаңашыл элементтер;
- Сабақтың тиімділігін бағалау және нәтижелері;
- Қосымша материалдар (егер болса): Сілтемелер, бейнежазбалар, фотосуреттер, QR-кодтар, үлестірмелі материалдар, презентациялар туралы ақпарат беріңіз.
ІІІ. Соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.).
— Екінші кезең — жобаны қорғау кезеңі. Республика көлемінде бірінші кезең бойынша іріктелініп алынған үздік жұмыс авторлары таңдап алған тақырып бойынша презентацияларын прокторинг арқылы қорғайтын болады. Екінші кезең бойынша таңдап алған тақырып бейнебайланыс арқылы прокторингпен бақыланады.
Мақсаты: Қатысушының өз авторлық әдісін, жаңашыл шешімін немесе оқытудағы ерекше тәжірибесін кәсіби тұрғыда таныстыруы.
Тапсырма сипаттамасы: Қатысушы Zoom платформасында 15 минут ішінде ашық сабағын қорғауы керек.
Құрылымы төмендегідей болуы тиіс:
І. Кіріспе – өзіңіз және тақырып туралы қысқаша ақпарат (2 минут).
ІІ. Негізгі бөлім – әдіс/тәсіл/технологияны тәжірибеде көрсету (10 минут).
ІІІ. Қорытынды және сұрақтарға жауап (3 минут).
Прокторинг талаптары:
- Қатысушы бейнебайланысқа қосылуы тиіс (Zoom).
- Камера мен микрофон толық қосулы болуы қажет.
- Экран жазбасы және прокторинг жүйесі арқылы бақылау жүргізіледі.
- Тапсырмаларды орындау кезінде сыртқы көмектің болмауы қажет.
Іріктеу кезеңіндегі бағалау критерийлері
| № | Бағалау өлшемдері | Ұпай саны |
| 1 | Сабақ мазмұнының жаңашылдығы мен өзектілігі | 5 балл |
| 2 | Сабақ құрылымының жүйелілігі мен логикалығы | 5 балл |
| 3 | Цифрлық технологияларды тиімді қолдану | 5 балл |
| 4 | Презентация сапасы, көрнекілігі мен интерактивтілігі | 5 балл |
| 5 | Қатысушының кәсіби көзқарасы мен рефлексиясы | 5 балл |
| Барлығы | 25 ұпай |
Ашық ресурстардан (интернеттен) көшірілген материалдар жіберген қатысушылар бірден екінші кезеңге өте алмайды.
— Үшінші кезең: Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақырылады.
Байқау қорытындысын шығару
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Орын алмаған қатысушылар байқауға қатысқаны туралы сертификаттар алады. Барлық құжаттарда QR-код болады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: http:// bilim-ork.kz /
Инстаграм парақшасы:bilim_orkeniety
Өтінім кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!








