І. Жалпы ереже
- «Бояу әлеміне саяхат» жас суретшілердің республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, оны өткізу форматын және тәртібін айқындайды.
- Байқаудың ұйымдастырушысы «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «BILIM-ÒRKENIETI» ҰИҒЗО) болып табылады.
- Байқаудың мақсаты: Білім алушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қиялын, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру және тұлғалық өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
- Байқаудың міндеттері: Оқушылардың көркемдік талғамын, шығармашылық ойлауын, елестету қабілетін және даралығын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ эстетикалық тәрбие беру арқылы тұлғаның рухани-мәдени қалыптасуына жағдай жасау. Сонымен қатар, оқушылардың техникалық шеберлігін жетілдіруге, көркемдік дағдыларын нығайтуға және олардың өнер арқылы өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік туғызу.
ІІ. Байқау қатысушылары
2.1. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары және арнаулы орта білім беру ұйымдарының (колледждердің) студенттері қатыса алады. Қатысу жеке түрде жүзеге асырылады.
Қатысушылар келесі жас санаттары бойынша бөлінеді:
– Балабақша: 3–6 жас аралығы;
– Бастауыш буын: 1–4 сынып оқушылары;
– Негізгі буын: 5–9 сынып оқушылары;
– Жоғарғы буын: 9–11 сынып оқушылары және колледж студенттері.
Әр қатысушы байқауға тек бір авторлық жұмыс ұсынады. Жұмыс баланың өз қолымен салынған, шығармашылық қабілетін көрсететін және байқау талаптарына толық сай болуы тиіс.
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Байқаудың өткізу тұрақтылығы мен мерзімділігі: 2023 жылдан бастап жылына бір рет өткізіледі.
3.2. Байқауды ұйымдастыру комитеті жыл сайын қорытынды кезеңнің өтетін орнын және уақытын белгілейді, қазылар алқасының мүшелерін, байқау бағдарламасын және қатысушылардың тізімін бекітеді, байқау нәтижесін шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін өткізеді.
3.3. Қазылар алқасы құрамына мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында қызмет ететін түрлі ғылыми бағыттағы білікті оқытушылар, ғалымдар мен әдіскерлер кіреді. Байқауға қатысушылардың жақын туыстары немесе тәрбиеленушілері қазылар алқасының құрамында бола алмайды.
3.4. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды талдап, белгіленген критерийлер бойынша әділ бағалайды және жүлделі орындарға лайықты қатысушыларды анықтайды.
ІV. Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар
- Байқауға қатысушылар жұмыстарын astana-20n@mail.ru электрондық поштасына ұсынады. Байқауға ұсынылатын сурет жұмыстары кез келген техникада орындалуы мүмкін, оның ішінде түрлі-түсті қарындаштар, акварель, майлы бояу, пастель, сондай-ақ аралас техника (mixed media) да рұқсат етіледі. Жұмыс кез келген материалда – қағаз, картон, постер және т.б. негізінде орындалуы мүмкін.
- Барлық жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу, фотосуретке түсіру немесе компьютерлік графикалық редакторлар арқылы жасалған электрондық нұсқа түрінде қабылданады. Файл JPEG/ PNG форматында болуы тиіс.
- Байқауға ұсынылатын жұмыстар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
- «Туған жер табиғаты» – пейзаж жанрындағы туындылар, табиғат көріністері, туған өлкенің көркем бейнесі;
- «Ұлттық болмыс» – ұлттық салт-дәстүр, киім, ою-өрнек, тұрмыс заттары мен этнографиялық элементтерді бейнелеу;
- «Адам және қоғам» – адам бейнесі, портреттік жұмыстар және әлеуметтік, адамгершілік тақырыптағы көркем шешімдер;
- «Еркін тақырып» – автордың қиялы мен шығармашылығына негізделген, қиял-ғажайып, символикалық немесе бейнелі композициялар.
V. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:
| № | Бағалау критерийі | Максималды балл |
| 1 | Шығармашылық көзқарас және ойдың бірегейлігі | 10 балл |
| 2 | Тақырыпты ашу деңгейі | 10 балл |
| 3 | Көркемдік сапасы (техника, түс, композиция) | 10 балл |
| 4 | Эмоциялық әсері | 10 балл |
| 5 | Жалпы эстетикалық көрінісі және ұқыптылығы | 10 балл |
| Жалпы балл | 50 балл |
Ескерту: Әр критерий бойынша 0-ден 10-ға дейінгі балл қойылады. Жоғары нәтиже – жұмыс мазмұнының, көркемдік сапасының және шығармашылық көзқарастың үйлесімділігіне байланысты беріледі. Қатысушының ұпайы барлық критерийлер бойынша жинаған баллдардың жиынтығы негізінде есептеледі.
VІ. Байқау қорытындысын шығару
6.1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Орын алмаған қатысушылар байқауға қатысқаны туралы сертификаттар алады.
6.2. Дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттардың электрондық нұсқалары жүктеп алу мүмкіндігі https://bilim-ork.kz/ сайтында орналастырылады.
«Бояу әлеміне саяхат» республикалық байқауына қатысуға өтінім
| Қатысушының тегі, аты-жөні, сыныбы | |
| Жетекшінің аты-жөні | |
| Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы | |
| Білім беру мекеменің атауы | |
| Телефоны, ұялы, е-mail |








